«Қазақстан Темір жолы» IPO-ға 2025 жылы шығарылуы мүмкін

Астана, BAQ.KZ тілшісі. «Республикалық тау-кен қазу және тау-металлургиялық қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры, «Қазақстанның тауар өндірушілер және экспорттаушылары одағы» ЗТБ атқарушы директоры Николай Радостовец «Қазақстан темір жолы» АҚ-ты 2025 жылға дейін IPO-ға шығаруды ұсынды.



«Ұлттық экономика министрлігі қазір «Қазақстан Темір Жолын» IPO-ға шығару мәселесін қарастырып жатыр. Біз мұның өсімнің мультипликаторы екенін және алдағы 1-2 жылда жоспарланып отырғанын білеміз. Бұл мәселені қарастыру мерзімін 2025 жылға дейін ауыстыруды сұраймыз. Себебі бұл біз үшін — маңызды жүйіне қалыптастыратын құрылым», — деді Радостовец.



Сағынтаев бұл мәселені ҚТЖ-ның жаңа басшылығымен бірге талқылайтынын жеткізді.


«Қазір ҚТЖ-ға жаңа басшы тағайындалды. Жүйелі басшы ұсыныс енгізеді, содан кейін талқылаймыз», — деді Үкімет басшысы.



Еске сала кетсек, осыған дейін ҚТЖ-ны 2019-2020 жылға дейін IPO-ға шығару жоспарланған болатын.


Источник: “https://baq.kz/kk/news/kazakstan-ekonomikasi/kazakstan_temir_zholi_ipoga_2025_zhili_shigarilui_mumkin20181205_181000”